Микокем в капсулах — инструкция по применению

Инструкция по применению микокема в капсулах, описание действия препарата, показания к применению капсул микокема, взаимодействие с другими лекарствами, применение микокема (капсулы) при беременности. Инструкции: Микокем в таблетках;
Торговое название: Микокем
Международное название: Микофеноловая кислота
Лекарственная форма: Капсулы 250 мг
Атс классификация:
L Антинеопластические и иммуномодулирующие средства
L04 Иммуносупрессанты
L04A Иммуносупрессанты
L04A A Селективные иммуносупрессанты
Фарм. группа:
Иммунодепрессанты. Иммунодепрессанты селективные. Микофеноловая кислота. Код АТХ L04AA06
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 30°С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности, указанного на упаковке!
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Твердая желатиновая капсула № 1, состоящая из корпуса коричневого цвета и крышечки синего цвета. Содержимое капсулы – гранулированный порошок белого или почти белого цвета.

Состав микокема в капсулах

Одна капсула содержит
Бір капсуланың құрамында

Активное вещество микокема

микофенолата мофетил 250 мг
250 мг микофенолат мофетилі

Вспомогательные вещества в микокеме

натрия кроскармелоза, крахмал кукурузный прежелатинизированный, повидон (К-90), магния стеарат, желатин, крышечка: краситель FD & C Синий, титана диоксид (Е 171), корпус: железа оксид красный (Е 172), железа оксид желтый (Е 172), титана диоксид (Е 171)
натрий кроскармеллозасы, желатинделген жүгері крахмалы, повидон (К-90), магний стеараты, желатин, қақпақша: бояғыш FD & C көк, титанның қостотығы (Е 171), корпус: темірдің қызыл (Е 172) тотығы, темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)

Показания к применению капсул микокема

В составе комбинированной терапии с циклоспорином и кортикостероидами для профилактики острого отторжения аллотрансплантата почек, сердца и печени.
Циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында бүйрек, жүрек және бауырдың аллотрансплантатының жедел ажырауының алдын алу үшін.

Противопоказания микокема в капсулах

  • повышенная чувствительность к микофенолата мофетилу, микофеноловой кислоте или любому из вспомогательных компонентов препарата
  • обострение язвы желудка и двенадцатиперстной кишки и других заболеваний желудочно-кишечного тракта
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • беременность и период лактации
  • микофенолат мофетилге, микофенол қышқылына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының асқынуы және асқазан-ішек жолдарының басқа да аурулары
  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас
  • жүктілік және лактация кезеңі

Побочные действия капсул микокема

Очень часто (>10%)
  • простой герпес, герпес зостер, сыпь, зуд, повышенная потливость, акне
  • кашель, диспноэ, одышка, фарингит, ринит, синусит, бронхит, бронхиальная астма, пневмония, ателектаз, плевральный выпот, инфекции дыхательных путей
  • судороги, мышечная слабость, боли в мышцах
  • периферические отеки, асцит, аритмия, брадикардия, перикардиальный выпот, сердечная недостаточность, артериальная гипертензия
  • икота, тошнота, рвота, диарея, метеоризм панкреатит, анорексия, диспепсия, холангит, холестатическая желтуха, кандидоз слизистой оболочки ЖКТ, отдельные случаи атрофии кишечных ворсии
  • нарушение функции почек, олигурия, гематурия, некроз почечных канальцев, инфекции мочевыводящих путей
  • гипергликемия, повышение остаточного азота, креатинина, повышение активности ферментов (ЛДГ, АСТ, АЛТ) в сыворотке крови, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гиперурикемия, гипомагниемия, гипонатриемия; гипокальциемия, гипопротеинемия, гипер- или гипокалиемия, гипофосфатемия
  • анемия в том числе гипохромная, лейкоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, экхимозы
  • гипертрофия кожи
  • артралгия
  • снижение массы тела
  • колит цитомегаловирусной этиологии, сепсис, перитонит, нарушение заживления ран, оппортунистические инфекции, инфекционные осложнения
  • бессонница, тремор, психомоторное возбуждение, амблиопия, тревога, спутанность сознания, депрессия, головокружение, гипертонус, парестезии, сонливость
  • астения, лихорадка, головная боль, боли в животе, пояснице, грудной клетке
Часто (3-10%)
  • отек легких, носовое кровотечение, кровохарканье, новообразования, пневмоторакс, усиление отделения мокроты, изменение голоса, гипервентиляция, кандидоз дыхательных путей
  • альбуминурия, дизурия, гидронефроз, импотенция, пиелонефрит, частое мочеиспускание, гематурия, никтурия, почечная недостаточность, недержание и задержка мочи, острая почечная недостаточность, отек мошонки
  • гастроинтестинальные инфекции, кандидоз, гастроэнтерит, дисгевзия
  • вагинальный кандидоз
  • ацидоз, подагра
  • желудочно-кишечные кровотечения, перитонит, илеус, колит, язвы желудка и двенадцатиперстной кишки, гастрит, стоматит, отрыжка
  • выпадение волос, рак кожи, доброкачественные новообразования кожи, грибковый дерматит, гирсутизм, гипертрофия кожи, кожные язвы, сыпь
  • сахарный диабет, заболевание паращитовидных желез, синдром Кушинга, гипотиреоз
  • гипертонус скелетной мускулатуры, судороги, эмоциональная лабильность, галлюцинации, нейропатия, психоз, нарушение мышления, миастенический синдром
  • катаракта, конъюнктивит, нарушение зрения, глухота, боль в ухе, кровоизлияния в глаз, вестибулярное головокружение
  • стенокардия, гипотензия, в том числе ортостатическая, тахикардия, тромбоз, вазодилатация, аритмии (суправентрикулярные и желудочковые экстрасистолы, мерцание и трепетание предсердий, суправентрикулярные и желудочковые тахикардии), застойная сердечная недостаточность, легочная гипертензия, вазоспазм, повышение венозного давления
  • отдельные случаи тяжелых, угрожающих жизни инфекций (менингита, инфекционного эндокардита), повышение частоты некоторых инфекций типа туберкулеза и атипичных микобактериальных инфекций
  • грипп, гриппоподобный синдром, общее недомогание
  • кисты (в том числе, лимфоцеле и гидроцеле), послеоперационные грыжи
  • панцитопения, полицитемия
  • нарушения гемостаза (петехии, увеличение протромбинового и тромбопластинового времени)
  • повышение активности щелочной фосфатазы, гамма-глютамилтранспептидазы в сыворотке крови, повышение креатинина сыворотки крови, гиперкальциемия, гипогликемия, гиперурикемия, гипохлоремия, гипофосфатемия
Өте жиі (>10%)
  • қарапайым герпес, зостер герпесі, бөртпе, қышыну, қатты тершеңдік, акне
  • жөтел, диспноэ, ентігу, фарингит, ринит, синусит, бронхит, бронх демікпесі, пневмония, ателектаз, плевралық жалқық, тыныс алу жолдарының жұқпасы
  • құрысулар, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет ауырулары
  • шеткергі ісінулер, асцит, аритмия, брадикардия, перикардиальді жалқық, жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия
  • ықылық ату, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, панкреатит, анорексия, диспепсия, холангит, холестатикалық сарғаю, АІЖ шырышты қабығының кандидозы, ішек түктері атрофиялануының жекелеген жағдайлары
  • бүйрек қызметінің бұзылуы, олигурия, гематурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, несеп шығару жолдарының жұқпалары
  • гипергликемия, азот қалдығы жоғарылауы, креатинин, қан сарысуының ферменттер белсенділігінің жоғарылауы (ЛДГ, АСТ, АЛТ), гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гиперурикемия, гипомагниемия, гипонатриемия; гипокальциемия, гипопротеинемия, гипер- немесе гипокалиемия, гипофосфатемия
  • анемия оның ішінде гипохромды, лейкоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, экхимоздар
  • тері гипертрофиясы
  • артралгия
  • дене салмағының төмендеуі
  • этиологиясы цитомегаловирусты колит, сепсис, перитонит, жарақат жазылуының бұзылуы, оппортунистік жұқпалар, жұқпалық асқынулар
  • ұйқысыздық, тремор, психомоторлық қозу, амблиопия, үрейлену, сананың шатасуы, депрессия, бас айналуы, гипертонус, парестезиялар, ұйқышылдық
  • астения, қызба, бас ауыруы, іштің, белдің, кеуде қуысының ауыруы
Жиі (3-10%)
  • өкпе ісінуі, мұрыннан қан кету, қан түкіру, жаңа түзілімдер, пневмоторакс, қақырық бөлінуінің күшеюі, дауыс өзгеруі, гипервентиляция, тыныс жолдарының кандидозы
  • альбуминурия, дизурия, гидронефроз, импотенция, пиелонефрит, жиі несеп бөлу, гематурия, никтурия, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп ұстай алмау және несеп іркілісі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, ұманың ісінуі
  • гастроинтестинальді жұқпалар, кандидоз, гастроэнтерит, дисгевзия
  • қынаптық кандидоз
  • ацидоз, подагра
  • асқазан-ішек қан кетуі, перитонит, илеус, колит, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, гастрит, стоматит, кекіру
  • шаш түсуі, тері обыры, терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, зеңдік дерматит, гирсутизм, тері гипертрофиясы, тері ойық жарасы, бөртпе
  • қант диабеті, қалқанша маңы безінің ауруы, Кушинг синдромы, гипотиреоз
  • қаңқа мускулатурасы гипертонусы, құрысулар, эмоционалдық тұрақсыздық, елестеулер, нейропатия, психоз, ойлаудың бұзылуы, миастеникалық синдром
  • катаракта, конъюнктивит, көрудің бұзылуы, кереңдік, құлақтың ауыруы, көзге қан құйылу, вестибулярлық бас айналуы
  • стенокардия, гипотензия, оның ішінде ортостатикалық, тахикардия, тромбоз, вазодилатация, аритмиялар (суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолалар, жүрекше жыпылықтауы және дірілдеуі, суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялар), іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, өкпе гипертензиясы, тамырлар түйілуі, көктамыр қысымы жоғарылауы
  • өмірге қауіп төндіретін жұқпалардың жекелеген ауыр жағдайлары (менингит, жұқпалы эндокардит), туберкулез типті және кейбір атипиялық микобактериялық жұқпалардың жиілігінің жоғарылауы
  • тұмау, тұмауға ұқсас синдром, жалпы дімкәстік
  • кисталар (оның ішінде, лимфоцеле және гидроцеле), операциядан кейінгі жарықтар
  • панцитопения, полицитемия
  • гемостаз бұзылуы (петехиялар, протромбиндік және и тромбопластиндік уақыттың ұлғаюы)
  • қан сарысуындағы сілтілік фосфатазалар, гамма-глютамилтранспептидаза белсенділігі жоғарылауы, қан сарысуындағы креатинин жоғарылауы, гиперкальциемия, гипогликемия, гиперурикемия, гипохлоремия, гипофосфатемия

Особые указания к применению

Общие меры предосторожности

При назначении микофенолата мофетила имеются повышенный риск развития лимфом и других злокачественных новообразований, особенно кожи. Риск, по-видимому, связан с интенсивностью и продолжительностью иммуносупрессии, чем с использованием какого-либо конкретного препарата.

Как и у всех больных с повышением риском рака кожи, следует ограничить воздействие солнечных и ультрафиолетовых лучей ношением соответствующей закрытой одежды и использованием солнцезащитных кремов с высоким значением защитного фактора. Больные, получающие Микокем, должны быть проинформированы о необходимости сразу же сообщить врачу о любых признаках инфекции, кровоточивости, кровотечений или других признаках угнетения костного мозга. У пациентов, получавших микофенолата мофетил, могут быть признаки инфекции, неожиданные синяки, кровотечение или любые другие проявления угнетения костного мозга.

У больных, получающих иммунодепрессанты, в том числе микофенолата мофетил повышен риск развития инфекций (бактериальных, грибковых, вирусных и протозойных), инфекций со смертельным исходом, сепсиса. Оппортунистические инфекции, такие как BK-вирус, связанный с нефропатией и JC-вирус, связанный с прогрессивной мультифокальной лейкоэнцефалопатией (ПМЛ) часто связаны с высоким общим иммуносупрессивным бременем и могут привести к серьезным фатальным последствиям. Следует провести дифференциальную диагностику у пациентов с ослабленным иммунитетом, ухудшением функции почек или неврологическими симптомами.

Пациенты, получающие микофенолата мофетил должны быть мониторированы на нейтропению, которая может быть связана с самим микофенолата мофетилом, сопутствующими препаратами, вирусными инфекциями, или сочетаниями этих причин. Пациенты, принимающие микофенолата мофетил должны сдавать полный анализ крови еженедельно в течение первого месяца, два раза в месяц для второго и третьего месяца лечения, затем ежемесячно в течение первого года. Если нейтропения развивается (абсолютное число нейтрофилов <1,3 х 103/мкл) может оказаться целесообразным прервать или прекратить прием микофенолата мофетила.

Случаи развития красноклеточной аплазии (ККА) наблюдались у пациентов, принимавших микофенолата мофетил в комбинации с другими иммунодепрессантами. Механизм развития ККА при назначении ММФ неизвестен. В некоторых случаях ККА была обратимой после снижения дозы ММФ или отмены. Однако, у пациентов, перенесших трансплантацию, снижение иммуносупрессии может поставить под угрозу трансплантат. Пациенты должны быть проинформированы, что во время лечения микофенолата мофетилом вакцинация может быть менее эффективной и использования живых ослабленных вакцин следует избегать. Вакцинация против гриппа может иметь значение.

Поскольку использование микофенолата мофетила связано с увеличением побочных эффектов со стороны органов пищеварения, в том числе редких случаев развития язв желудочно-кишечного тракта, кровотечения и перфорации, микофенолата мофетил следует назначать с осторожностью для пациентов с активным серьезным заболеванием пищеварительной системы.

Микофенолата мофетил не следует назначать одновременно с азатиоприном. В связи со значительным сокращением AUC МФК при совместном применении с колестирамином, Микокем следует назначать с осторожностью одновременно с лекарственными средствами, которые влияют на энтерогепатическую рециркуляцию, из-за снижения потенциала эффективности микофенолата мофетила.

Поскольку Микокем является ингибитором инозинмонофосфатдегидрогеназы то, с теоретической точки зрения, не следует назначать его пациентам с редким генетически обусловленным наследственным дефицитом гипоксантигуанинфосфорибозилтрансферазы (синдром Леша-Найена и Келли-Зигмиллера).

Польза/риск применения ММФ в комбинации с такролимусом или сиролимусом не установлена.

Обращение с препаратом
Не следует нарушать целостность капсул Микокема. Необходимо избегать вдыхания порошка, содержащегося в капсулах Микокема, или его прямого попадания на кожу или слизистые оболочки. Если это произошло, нужно тщательно промыть данный участок водой с мылом, а глаза – просто водой.

Беременность
Терапию Микокемом не следует начинать до тех пор, пока не получен отрицательный результат обследования на беременность. До начала терапии Микокемом, в ходе лечения и в течение 6 недель после его окончания обязательно использование эффективных методов контрацепции. Если воздержание от половой жизни невозможно, необходимо использовать два надежных метода контрацепции одновременно. При возникновении беременности в ходе терапии необходимо обсудить с врачом желательность ее сохранения. Использование Микокема во время беременности противопоказано. Есть ограниченные данные об использовании микофенолата мофетила у беременных женщин. Имеются отдельные сообщения о врожденных уродствах, включая уродства уха, то есть неправильно сформированное или отсутствующее внешнее/среднее ухо, среди детей пациентов, получавших микофенолата мофетил в комбинации с другими иммунодепрессантами во время беременности. Сообщалось о случаях спонтанных абортов у пациентов, получавших микофенолата мофетил. Исследования на животных показали репродуктивную токсичность препарата.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами.
Побочные реакции указывают на то, что следует воздерживаться при применении микофенолата мофетила от вождения автомобиля и работы с потенциально опасными механизмами, требующими точной координации движений.
Жалпы сақтық шаралары

Микофенолат мофетилін тағайындағанда лимфома дамуының және басқа да, әсіресе терінің қатерлі жаңа түзілімдері даму қаупі жоғары. Қауіп көбіне қандай да бір нақты препаратты пайдалануға қарағанда, иммуносупрессияның қарқындылығы және ұзақтығына байланысты сияқты.

Тері обырының қаупі жоғары барлық науқастардағы сияқты тиісті жабық киім кию және қорғаныш факторының мәні жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдалану арқылы күн және ультракүлгін сәулелердің әсерін шктеу керек. Микокем қабылдайтын науқастар жұқпаның, қанағыштықтың, қан кетудің немесе сүйек кемігі бәсеңдеуінің басқа да белгілерінің кез келгені туралы дәрігерге дереу хабарлауы қажеттігін білуі тиіс. Микофенолат мофетил қабылдайтын емделушілерде жұқпа белгілері, оқыс көгерулер, қан кету немесе сүйек кемігі бәсеңсуінің кез келген басқа белгілері болуы мүмкін. Иммунодепрессанттар, оның ішінде микофенолат мофетилді қабылдайтын науқастарда жұқпа (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өліммен аяқталатын жұқпалар, сепсис даму қаупі жоғары. BK-вирус сияқты, нефропатиямен және JC-вируспен байланысты, прогрессивті мультифокальді лейкоэнцефалопатиямен байланысты (ПМЛ) оппортунистік жұқпалар жалпы жоғары иммуносупрессивті ауыртпалықпен жиі байланысты және өлім сияқты күрделі жағдайларға соқтыруы мүмкін. Иммунитеті әлсірген, бүйрек қызметі нашарлаған немесе неврологиялық симптомдары бар емделушілерде дифференциалдық диагностика жүргізілуі керек.

Микофенолат мофетилді қабылдайтын емделушілер микофенолат мофетилдің өзімен, қатарлас препараттармен, вирустық жұқпалармен, немесе осы себептер үйлесімімен байланысты болуы мүмкін нейтропенияға мониторингтен өтуі тиіс. Микофенолат мофетилді қабылдайтын емделушілер бірінші ай бойына апта сайын, емнің екінші және үшінші айы үшін айына екі рет, содан соң бірінші жыл бойына әр ай сайын толық қан талдауын тапсыруы тиіс. Егер нейтропения дамыса (нейтрофилдердің абсолютті саны <1,3 х 103/мкл) микофенолат мофетилін қабылдауды үзу немесе тоқтату дұрыс болуы мүмкін.

Қызыл жасушалы аплазия (ҚЖА) даму жағдайы микофенолат мофетилді басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған емделушілерде бақыланған. ММФ тағайындалғандағы ҚЖА дамуының механизмі белгісіз. Кейбір жағдайларда ММФ дозасы төмендетілгеннен немесе тоқтатылғаннан кейін ҚЖА қайтымды болған. Алайда, трансплантацияны өткерген емделушілерде, иммуносупрессия төмендеуі трансплантаттқа қауіпті болуы мүмкін. Емделушілер микофенолат мофетилмен емдеу уақытында вакцинацияның тиімділігі азырақ болу мүмкіндігі және әлсіреген тірі вакцина пайдаланудан аулақ болу керегінен хабардар болуы тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация маңызды болуы мүмкін.

Микофенолат мофетилді пайдалану ас қорыту органдары тарапынан жағымсыз әсерлер ұлғаюымен байланысты болғандықтан, оның ішінде асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы, қан кету және тесілу дамуының сирек жағдайлары да бар, микофенолат мофетилді ас қорыту жүйесінің белсенді күрделі аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Микофенолат мофетилді азатиопринмен бір уақытқа тағайындауға болмайды. МФҚ колестираминмен қоса қолданғанда AUC елеулі қысқаруына байланысты Микокемді, микофенолат мофетил тиімділігінің потенциалы төмендеуіне байланысты, энтерогепатиялық рециркуляцияға әсері бар дәрілік заттармен бір уақытқа тағайындауды сақтықпен жүргізу керек.

Микокем инозинмонофосфатдегидрогеназа тежегіштері болғандықтан, тұқым қуалайтын гипоксантигуанинфосфорибозилтрансфераза (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромы) сирек кездесетін генетикалық шартталған тапшылығы бар емделушілерге теориялық тұрғыдан алғанда тағайындауға болмайды.

ММФ такролимуспен немесе сиролимуспен біріктірілімде қолданудың пайдасы/қаупі анықталмаған.

Препаратты пайдалану
Микокема капсуласының тұтастығын бұзудың қажеті жоқ. Микокем капсуласы ішіндегі ұнтақпен тыныс алудан немесе оның теріге немесе шырышты қабыққа тікелей жанасуынан абайлау керек. Егер олай бола қалған жағдайда, бұл бөлікті сабынмен, ал көзді –жай сумен мұқият жуу керек.

Жүктілік
Микокеммен емді жүктілікті зерттеудің теріс нәтижесі алынғанша бастауға болмайды. Микокеммен емді бастар алдында, ем барысында және ол аяқталған соң 6 апта бойына міндетті түрде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек. Егер жыныстық қатынастардан бой тарту мүмкін болмаса, бір мезгілде контрацепцияның екі сенімді тәсілін пайдалану керек. Жүктілік ем барысында туындаған жағдайда дәрігермен оны сақтаудың қажеттігі туралы кеңесу керек. Микокемді жүктілік кезінде пайдалануға болмайды. Жүкті әйелдерде микофенолат мофетилді пайдалану туралы деректер шектеулі. Жүктілік кезінде микофенолат мофетилді басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде алған емделушілердің балалары арасында құлақ кемістігін қоса алғандағы туа біткен кемтарлық, яғни дұрыс қалыптаспаған немесе сыртқы/ортаңғы құлағы жоқ балалар туралы жекелеген мәлімдемелер бар. Микофенолат мофетилді қабылдаған емделушілерде өздігінен болған аборт жағдайлары туралы хабарланған. Жануарларға жасалған зерттеулер препараттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Жағымсыз реакциялар микофенолат мофетилді қабылдаған кезде қозғалыстың дәл координациясын талап ететін автомобиль жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керектігін көрсетеді.

Дозировка и способ применения

Профилактика отторжения трансплантата почки
Больным с почечным трансплантатом рекомендуется прием по 1,0 г два раза в сутки (суточная доза 2 г) в составе комбинированной терапии с циклосоприном и кортикостероидами. Прием препарата должен быть начат в течение 72 часов после трансплантации.

Профилактика отторжения трансплантата сердца
Рекомендованный режим дозирования – по 1,5 г 2 раза в сутки (суточная доза 3 г) в составе комбинированный терапии с циклоспорином и кортикостероидами. Лечение должно быть начато в течение 5 дней после трансплантации.

Профилактика отторжения трансплантата печени
Рекомендованный режим дозирования – по 1,5 г 2 раза в сутки (суточная доза 3 г) в составе комбинированной терапии с циклоспорином и кортикостероидами. Микофенолата мофетил следует назначать в течение первых 4 дней после трансплантации печени, лечение должно быть начато сразу же.

После пересадки почки, сердца или печени первую дозу микофеноловой кислоты следует принимать как можно раньше. Продолжительность приема носит длительный, практически пожизненный, характер.

При трансплантации почки пациентам с тяжелой хронической почечной недостаточностью (скорость клубочковой фильтрации <25 мл/мин-1,73 м2) следует избегать доз выше 1 г 2 раза в сутки, за исключением ближайшего посттрансплантационного периода и периода после терапии по поводу острого или рефрактерного отторжения трансплантанта.

Применение у пациентов с нарушением функции печени
Не требуется изменения дозы Микокема у пациентов с тяжелым заболеванием печени, связанным с преимущественным поражением паренхимы. Данные по пациентам с тяжелым поражением паренхимы печени, перенесшим пересадку сердца, отсутствуют.

У больных пожилого и старческого возраста (≥65 лет), перенесших пересадку почки, рекомендуемая доза равняется 1 г 2 раза в сутки, а после пересадки сердца или печени – 1,5 г 2 раза в сутки (см. «Особые указания»).
Бүйрек трансплантаты ажырауының алдын алу
Бүйрек трансплантаты бар науқастарға тәулігіне 1,0 г-дан екі рет (тәуліктік дозасы 2 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында қабылдау ұсынылады. Препаратты қабылдау трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде басталуы тиіс.

Жүрек трансплантаты ажырауының алдын алу
Ұсынылатын дозалау режимі – тәулігіне 1,5 г-дан 2 рет (тәуліктік дозасы 3 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында. Ем трансплантациядан кейін 5 күн ішінде басталуы тиіс.

Бауыр трансплантаты ажырауының алдын алу
Ұсынылатын дозалау режимі – тәулігіне 1,5 г-дан 2 рет (тәуліктік дозасы 3 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында.

Микофенолат мофетилді бауыр трансплантациясынан кейін бастапқы 4 күн ішіне тағайындау керек, ем бірден басталуы тиіс.

Бүйрек, жүрек немесе бауырды ауыстырып салғаннан кейін микофенол қышқылының бірінші дозасын мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығының сипаты ұзақ, іс жүзінде өмірлік.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25 мл/мин-1,73 м2) бар емделушілерге жуық арадағы посттрансплантациялық кезеңнен және трансплантанттың жедел немесе рефрактерлі ажырауы кезеңінен басқа жағдайларда бүйрек трансплантациялау кезінде тәулігіне 2 рет 1 г артық дозадан аулақ болу керек.

Бауыр қызметі бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы
Көбіне паренхиманың зақымдануына байланысты ауыр бауыр ауруы бар емделушілерде Микокем дозасын өзгерту талап етілмейді. Жүрек ауыстырып салғанды өткерген, бауырдың паренхимасының ауыр зақымдануы бар емделушілер бойынша дерек жоқ.

Бүйрек ауыстырып салуды өткерген егде жастағы және қарттық жастағы науқастарда (≥65 жас) ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 1 г тең, жүрек немесе бауыр ауыстырып салғаннан кейін – тәулігіне 2 рет 1,5 г («Айырықша нұсқауларды» қараңыз).

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении микофенолата мофетила и ацикловира происходит повышение концентрации ацикловира в плазме, возможно в результате конкуренции. Антациды, содержащие магния и алюминия гидроксид, снижают всасывание микофенолата мофетила. После однократного приема микофенолата мофетила в дозе 1,5 г на фоне предварительного приема колестирамина по 4 г в течение 4 дней наблюдалось снижение AUCмфк на 40%.

С осторожностью следует применять микофенолата мофетила с лекарственными средствами, влияющими на энтерогепатическую циркуляцию.

Циклоспорин А не влияет на фармакокинетику микофенолата мофетила. При сочетанном назначении микофенолата мофетила и ганцикловира больным с нарушением функции почек может потребоваться коррекция режима дозирования ганцикловира, а за пациентами должно быть установлено тщательное наблюдение. Применение микофенолата мофетила и ганцикловира приводит к увеличению концентрации обоих веществ.

Во время применения микофенолата мофетила дополнительно необходимо использовать методы контрацепции.

При одновременном назначении с рифампицином следует контролировать уровень микофеноловой кислоты и соответственно корректировать дозу Микокема. У больных с трансплантатом почек прием микофенолата мофетила и циклоспорина приводит к снижению действия МФК на 30-50%, по сравнению с пациентами, получавшими комбинацию сиролимуса и аналогичных доз микофенолата мофетила. Применение микофенолата мофетила одновременно с севеламером приводит к снижению Сmax и AUC0-12 МФК на 30% и 25% соответственно без каких-либо клинических последствий (например, отторжение трансплантата). Однако рекомендуется принимать Микокем за 1 час до и спустя 3 часа после севеламера, чтобы минимизировать влияние на всасывание МФК.

Одновременное применение норфлоксацина и метронидазола уменьшает экспозицию МФК примерно на 30% после однократного приема микофенолата мофетила. Концентрация МФК уменьшается на 50% у пациентов с почечным трансплантатом в первые дни после начала приема ципрофлоксацина или амоксициллина с клавулановой кислотой. Этот эффект уменьшается при продолжении применения антибиотиков. Триметоприм / сульфаметоксазол: не влияют на биодоступность МФК.

Одновременное назначение такролимуса у пациентов с трансплантатом печени и почек не оказывает влияния на показатели AUC или Сmax микофеноловой кислоты. У больных со стабильным печеночным трансплантатом после пересадки печени при одновременной терапии Микокемом и такролимусом, AUC такролимуса после многократного приема Микокема в дозе 1,5 г 2 раза в сутки возрастала примерно на 20%.

Блокаторы канальцевой секреции (пробеницид) повышает концентрацию МФКГ.

Живые вакцины не следует назначать больным в состоянии иммунодепрессии. Антителообразование в ответ на другие вакцины может быть снижено.
Микофенолат мофетилді және ацикловирді бір мезгілде қолданғанда ацикловирдің плазмадағы концентрациясы жоғарылайды, бұл бәсекелестік нәтижесі болуы мүмкін. Құрамында магний және алюминий гидроксиді бар антацидтар микофенолат мофетилі сіңуін төмендетеді. Алдын ала 4 күн бойына колестирамин қабылдау аясында микофенолат мофетилін 1,5 г дозада бір рет қабылдағаннан кейін AUCмфк 40% төмендегені анықталды.

Микофенолат мофетилін энтерогепатиялық айналымға әсер ететін дәрілік заттармен бірге сақтықпен қабылдау керек.

Циклоспорин А микофенолат мофетилінің фармакокинетикасына әсер етпейді. Бүйрек қызметі бұзылуы бар науқастарға микофенолат мофетилін және ганцикловирді үйлестіре тағайындағанда ганцикловир дозалау режимін түзету талап етілуі мүмкін, ал емделушілер мұқият бақылануы тиіс.

Микофенолат мофетилін және ганцикловирді қолдану екі заттың да концентрациясы ұлғаюына алып келеді.

Микофенолат мофетилді қолдану уақытында қосымша контрацепция әдістерін пайдалану керек.

Рифампицинмен бір уақытта тағайындағанда микофенол қышқылының деңгейін бақылау және тиісінше Микокем дозасын түзету керек. Бүйрек трансплантаты бар науқастарда сиролимус және микофенолат мофетилінің осыған ұқсас дозасының біріктірілімін қабылдаған емдлушілермен салыстырғанда микофенолат мофетилін және циклоспоринді қабылдау МФҚ әсерінің 30-50% төмендеуіне алып келеді. микофенолат мофетилін севеламермен бір уақытта қолдану қандай да бір клиникалық салдарсыз (мысалы, трансплантат ажырауы) тиісінше Сmax және AUC0-12 МФҚ 30% және 25% төмендеуіне алып келеді. Алайда Микокемді МФҚ сіңуіне әсерін өте азайту үшін севеламерден 1 сағат бұрын және севеламерден кейін 3 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Норфлоксацин және метронидазолды бір уақытта қолдану микофенолат мофетилді бір рет қабылдағаннан кейін МФҚ экспозициясын шамамен 30%-ға азайтады. Бүйрек трансплантаты бар емделушілерде ципрофлоксацин немесе клавулан қышқылы бар амоксициллинды қабылдауды бастағаннан кейін бірінші күндері МФҚ концентрациясы 50% азаяды. Бұл әсер антибиотиктерді қолдануды жалғастырғанда азаяды. Триметоприм / сульфаметоксазол: МФҚ биожетімділігіне әсер етпейді.

Бауыр және бүйрек трансплантаты бар емделушілерде такролимусты бір уақытқа тағайындау микофенол қышқылының AUC немесе Сmaxкөрсеткіштеріне әсер етпейді. Тұрақты бауыр трансплантаты бар науқастарда бауыр ауыстырып салғаннан кейін Микокеммен және такролимуспен бір мезгілде емдеуде, такролимустің AUC Микокемді 1,5 г дозада тәулігіне 2 реттен көп рет қабылдағаннан кейін шамамен 20% өсті.

Өзекшелік секреция блокаторлары (пробеницид) МФКГ концентрациясын жоғарылатады.

Тірі вакциналарды иммунодепрессия жағдайында науқастарға тағайындауға болмайды. Өзге вакциналарға жауап ретінде антидене түзілуі төмендеуі мүмкін.

Передозировка микокемом в капсулах

Симптомы: чрезмерная иммуносупрессия, повышение чувствительности к инфекциям, подавление функции костного мозга.

Лечение: при развитии нейтропении – снизить дозу или прервать лечение Микокемом.

Микофеноловую кислоту нельзя вывести из организма методом гемодиализа. Однако при высоких концентрациях глюкуронид микофеноловой кислоты в плазме (>100 мкг/мл) небольшие его количества все-таки выводятся. Препараты, связывающие желчные кислоты, например, холестирамин, могут способствовать выведению микофеноловой кислоты из организма, увеличивая ее экскрецию.
Симптомдары: шамадан тыс иммуносупрессия, жұқпаларға сезімталдықтың жоғарылауы, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі.

Емі: нейтропения дамуында –Микокемнің дозасын төмендету немесе емді үзу керек.

Микофенол қышқылын ағзадан гемодиализ әдісімен шығаруға болмайды. Алайда плазмадағы микофенол қышқылы глюкуронидінің концентрациясы жоғары болғанда (>100 мкг/мл) оның аздаған мөлшері шығарылады. Өт қышқылын байланыстыратын препараттар, мысалы, холестирамин,оның экскрециясын ұлғайта отырып, микофенол қышқылының ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После перорального приема микофенолата мофетил быстро и полно всасывается из желудочко-кишечного тракта. При первом прохождении через печень происходит пресистемный метаболизм микофенолата мофетила (ММФ) с образованием активного метаболита микофеноловой кислоты (МФК).

У пациентов со стабильным почечным трансплантатом, получающих базовую иммуносупрессивную терапию циклоспорином, степень абсорбции МФК из ЖКТ составляет 93%, а биодоступность – 72%.

Прием пищи не влияет на степень всасывания микофенолата мофетила при его назначения в дозе 1,5 г больным после трансплантации почек. Тем не менее, Сmax МФК была снижена на 40% при приеме препарата во время еды. Биодоступность микофенолата мофетила при пероральном приеме, в соответствии с величиной AUCМФК (площади под кривой «концентрация - время»), составляет, в среднем, 94% от таковой при его внутривенном введении. МФК в клинически значимых концентрациях (97%) связывается с альбуминами плазмы.

Распределение
В результате энтерогепатической рециркуляции примерно через 6-12 часов после приема микофенолата мофетила наблюдается вторичное повышение концентрации МФК в плазме. При одновременном назначении колестирамина AUCМФК снижается на 40%, что свидетельствует о прерывании печеночно-кишечной циркуляции.

Метаболизм
Микофенолата мофетил метаболизируется с образованием фармакологически неактивного фенольного глюкорунида МФК (МФКГ), который превращается в свободную МФК в ходе печеночно-кишечной циркуляции.

Выведение
93% полученной дозы микофенолата мофетила выводится мочой, а 6% с калом. Клинически определяемые концентрации МФК и МФКГ не удаляются путем гемодиализа. Однако при более высоких концентрациях МФКГ (> 100 мкг/мл) некоторая его часть может быть удалена.

У больных с тяжелой хронической почечной недостаточностью (скорость клубочковой фильтрации <25 мл/мин/1,73 м 2) AUCМФК была на 28-75% больше, чем у больных с менее выраженным поражением почек. После приема разовой дозы AUCМФКГ в 3-6 раз больше у больных с тяжелой почечной недостаточностью, что согласуется с известными данными о почечном выведении МФКГ.

Исследований по многократному введению микофенолата мофетила при тяжелой хронической почечной недостаточности не проводилось.

У больных с задержкой функции почечного трансплантата после пересадки средняя AUC0-12 для МФК сравнима с таковой у больных, у которых трансплантат начинал функционировать после пересадки без задержки, а среднее значение AUC0-12 для МФКГ в плазме было в 2-3 раза больше.

Больные с поражением печени. У пациентов с алкогольным циррозом печени после перорального приема ММФ не выявлено изменений в фармакокинетике МФК и МФКГ, что указывает на то, что поражение паренхимы печени не является противопоказанием для назначения ММФ. Влияние печеночной патологии на этот процесс, вероятно, зависит от конкретного заболевания. В случае болезни печени с преобладанием поражения желчных путей (например, первичный билиарный цирроз) эффект может быть другим.

У больных пожилого и старческого возраста (≥ 65 лет) фармакокинетика не изучалась.
Микофенолат мофетилі пероральді қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толық сіңеді. Бауыр арқылы біріншілік өтуде микофенол қышқылының (МФҚ) белсенді метаболиті түзілуімен микофенолат мофетилінің (ММФ) жүйеалдылық метаболизмі жүреді.

Циклоспоринмен базалық иммуносупрессивті ем қабылдайтын, бүйрек трансплантаты тұрақты емделушілерде МФҚ АІЖ сіңу дәрежесі 93%, ал биожетімділігі – 72% құрайды.

Бүйрек трансплантациясынан кейін науқастарға микофенолат мофетилін 1,5 г дозада тағайындағанда тамақ ішу оның сіңу дәрежесіне әсер етпейді. Алайда препаратты тамақ ішу уақытында қабылдағанда МФҚ Сmax 40% төмендеген.

Микофенолат мофетилін пероральді қабылдағандағы биожетімділігі AUCМФК («концентрация -уақыт» қисығы астындағы аудан) шамасына сай орташа алғанда оны көктамыр ішіне енгізуінің 94% құрайды. МФқ клиникалық елеулі концентрацияларында (97%) плазма альбуминдарымен байланысады.

Таралуы
Энтерогепатиялық рециркуляция нәтижесінде микофенолат мофетилін қабылдағаннан кейін шамамен 6-12 сағаттан соң МФҚ плазмадағы концентрациясының екіншілік жоғарылауы бақыланады. Колестираминді бір мезгілде тағайындағанда AUCМФК 40% төмендейді, бұл бауыр-ішек айналымының үзілгенінен хабардар етеді.

Метаболизм
Микофенолат мофетил бауыр-ішек айналымы барысында бос МФК айналатын, фармакологиялық белсенді емес МФҚ фенольді глюкорунидін (МФКГ) түзумен метаболизденеді.

Шығарылуы
Микофенолат мофетилдің алынған дозасының 93% несеппен, ал 6% нәжіспен шығарылады. МФҚ және МФКГ клиникалық анықталатын концентрациялары гемодиализ жолымен шығарылмайды. Алайда МФКГ жоғарырақ концентрацияларында (> 100 мкг/мл) оның кейбір бөліктері шығарылуы мүмкін.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25 мл/мин/1,73 м 2) AUCМФК бүйрек зақымдану айқындығы азырақ науқастардағыдан 28-75% артық болды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін AUCМФКГ 3-6 есе артық, бұл МФКГ бүйрекпен шығарылуы туралы белгілі деректерге сай келеді.

Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде микофенолат мофетилін көп рет енгізу бойынша зерттеу жүргізілмеген.

Бүйрек трансплантаты қызметінің іркілісі бар науқастарда ауыстырып салғаннан кейін МФҚ үшін орташа AUC0-12 трансплантат ауыстырып салғаннан кейін іркіліссіз қызмет ете бастаған осындай науқастармен салыстырарлық, ал плазмадағы МФКГ үшін AUC0-12 орташа мәні 2-3 есе көп болды.

Бауыр зақымдануы бар науқастар. Бауырдың алкогольді циррозы бар емделушілерде ММФ пероральді қабылдағаннан кейін МФҚ және МФКГ фармакокинетикасында өзгерістер анықталмаған, бұл бауыр паренхима зақымдануы ММФ тағайындау үшін қарсы көрсетілім емес екенін көрсетеді. Бауыр патологиясының бұл үдеріске әсері нақты ауру түріне байланысты болуы ықтимал. Өт жолдары зақымдануы басым бауыр аурулары жағдайында (мысалы, біріншілік билиарлық цирроз) әсері басқа болуы мүмкін.

Егде және қарттық жастағы науқастарда (≥ 65 жас) фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамика

Микофенолата мофетил представляет собой 2-морфолиноэтиловый эфир микофеноловой кислоты.

Микофенолата мофетил является селективным, неконкурентным и обратимым ингибитором инозинмонофосфатдегидрогеназы и, следовательно, тормозит синтез гуанозиновых нуклеотидов без включения в ДНК.

МФК оказывает более выраженное цитостатическое действие на лимфоциты, чем на другие клетки, поскольку пролиферация Т и В-лимфоцитов очень сильно зависит от синтеза пуринов, в то время как клетки других типов могут переходить на обходные пути метаболизма.

В сочетании с азатиоприном и циклоспорином, а также с индукционным курсом антитимоцитарного глобулина уменьшает частоту неблагоприятных исходов в первые 6 месяцев после трансплантации.
Микофенолат мофетилі микофенол қышқылының 2-морфолиноэтилді эфирі болып табылады.

Микофенолат мофетилі инозинмонофосфатдегидрогеназаның селективті, бәсекелес емес және қайтымды тежегіші болып табылады, сондықтан, ДНҚ қоспай, гуанозинді нуклеотидтер синтезін тежейді.

Т және В-лимфоциттердің пролиферациясы пуриндер синтезіне өте қатты тәуелді болғандықтан, МФК лимфоциттерге басқа жасушаларға қарағанда айқынырақ цитостатикалық әсер етеді, бұл кезде басқа типті жасушалар метаболизм жолын айналып өтуі мүмкін.

Азатиопринмен және циклоспоринмен үйлесімде, сондай-ақ антитимоцитарлық глобулиннің индукциялық курсымен трансплантациядан соң алғашқы 6 айда жағымсыз нәтижелер жиілігін азайтады.

Упаковка и форма выпуска

По 10 капсул в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой. По 1контурной упаковке вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. 1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.